Құрметті ата-аналар!
Мемлекеттік қызметтерді www.egov.kz мелекеттік қызметтер порталын пайдалану арқылы да алуға болады. Сіз электронды өтінішті кез келген уақытта,мереке мен демалыс күндерінің уақытына қарамастан, кез келген уақытта интернетке қол жетімді кез келген компьютер, планшет немесе ұялы телефон арқылы бере аласыз. Қызметті алу үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Электрондық өтініш пен қажетті құралдар тізімін мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жіберу жеткілікті. Болашақта сіз өз өтінішіңіздің барысын бақылайсыз. Мемлекеттік құжаттарды электронды түрде алу мүмкіндігін пайдалану үшін сізге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу қажет, www.egov.kz портална кіріп, «Отбасы» бөліміне өтіп, «Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге құжаттар қабылдау» қызметті таңдаңыз. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Өтінішке (Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) құжаттардың сканерленген көшірмелерін қосасыз. мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың басты артықшыдығы: тәулік бойы қол жетімділік, сіз үшін ыңғайлы кез келген жерден қызмет алу, жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ, кезек жоқ, сыбайлас жемқорлық жоқ, өйткені өтініш беруші қызметке тікелей кеңсеге жүгінбейді.
Сіздердің назарларыңызға мемлекеттік тіркеуді ұсынамыз. Келесі кесте бойынша қызметті ала аласыздар.
1. ЭЦҚ алыңыз (ЭЦҚ) |
2. www egov.kz порталына кіріңіз
|
3. «Отбасы» бөліміне өтіңіз
|
4. «Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге құжаттар қабылдау» қызметін таңдаңыз.
|
5. Қызметті онлайн режимінде тапсырыс беру
|
6. Бір реттік құпия сөз немесе телефон нөміріне ЖСН, пароль немесе SMS-хабарлама арқылы ЭЦҚ-диск арқылы
|
7. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
|