25 тамыз Көкшетау қаласында "Болашақ сарайы" балалар мен жасөспірімдер сарайында "Білімді ұлт:терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында облыстық білім қызметкерлерінің Тамыз айының кеңесі өтті. Тамыз айының кеңесіне Ақмола облысы мәслихатының хатшысы, Ақмола облысы бойынша "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы, аудандар мен қалалардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің , жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық еңбек ардагерлері, бизнес-құрылымдардың , үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері , Ақмола облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а.О.Каппасов қатысты. Конференция барысында білім саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер таныстырылды. Оның ішінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері , барлық мектептердің бес күндік жұмыс форматына көшуі сияқты өзгерістер де бар. Сонымен қатар, басқа да өзекті мәселелер талқыланып, 2022-2023 оқу жылына міндеттер қойылып, тапсырмалар берілді.