Текст
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының №7 психологиялық-педагогикалық түзету бөлімінің мұғалім логопеді "Ұстаздар күніне орай" өткізілген іс-шарамызда Ақмола облысы Білім басқармасының АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!
Құрметті БЕГАЙДАР БИБІСАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ!
Білім саласын жетілдірудегі және ұйымдастырудағы, білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асырудағы көп жылдар бойғы және елеулі еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздің жоғары кәсіби шеберлігіңіз бен білім беру саласының мәртебесін көтеруге белсенді атсалысуыңыз жас ұрпаққа кемел білім беруге зор ықпалын тигізді.
Ел үшін, ғылым үшін, сауатты болашақ үшін жасап жүрген қажырлы еңбегіңіздің жемісін көріңіз, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.