Бүгін Халықаралық мүгедектгі бар адамдар күніне орай мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы, олардың құқықтарын қорғау мақсатында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов мүгедектігі бар адамдармен кездесті. Аудан әкімі қатысушыларды Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күнімен құттықтап шын жүректен тәнтә екенін жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі ауданда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті білім беруді енгізу,кедергісіз орта құрту жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру туралы айтып берді. Сөз сөйлегеннен кейін аудан әкімі аудан өміріндегі белсенділігі үшін бірқатар алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, кездесу барысында мүгедектігі бар адамдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелерді жөніндегі кеңесші Әділ Нұрбеков, психологиялық-педагогикалық түзету бөлімінің басшысы Саденова Сауле Алимхановна, мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолдинов сөз сөйледі.