Текст
2023 жылғы 10 тамызда №7 ППТК КММ-де кіші топтық ата-аналар жиналысы өтті, күн тәртібіндегі пункттердің бірі меңгеруші С.А. Саденова педагогикалық ұжым мен ата-аналардың қарым-қатынасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ С.А. Саденова ұйым қызметіндегі маңызды және басым бағыт өзара қарым-қатынастардың педагогикалық және корпоративтік этикасы, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету және дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді түзету қолдауы болып табылатынын түсіндірді.